Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Қызылордада "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы активінің отырысы өтті

1005 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Партияның облыстық филиалы активінің отырысында жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.

Қызылордада "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы активінің отырысы өтті

Жиында сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев: «Партия съезінде жария етілгендей, миллиондаған қарапайым қазақстандықтың тұрмысын жақсартуға, елдің әлеуметтік жағдайын күрт көтеруге бағытталған қыруар қаржының Елбасы пәрменімен уақытында ел ертеңіне деп құрылған Ұлттық қордан бөлінуі барша халқымызға жасалған аса үлкен қамқорлық. Бұл тікелей төлемақы ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымды, ауылдық жерлерді дамыту сияқты әлеуметтің көп қажетін қанағаттандыратын,бүкіл әлемді қаржылық дағдарыс шарпып отырған жағдайда мемлекетіміздің дамуына тың серпін беретін үлкен қолдау»,-деді.

Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев өңірдегі аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндады.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова медицина саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан және жоспарланған жұмыстар жайлы ойымен бөліссе, "Жас Отан" жастар қанаты облыстық филиалының басшысы Талғат Тілес жастарға қолдау көрсету бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы айтты.

 

 Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan».

  Қызылорда облысы.