«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС 11-15 наурызда Мәскеудің халықаралық тренер-практиктерімен бірлесіп, «Recommended by Astana» бағдарламасының қонақ үй серіктестерінің қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
Курс келесі негізгі сұрақтарға арналған: қонақ үйді тиімді брондау, қонақ үйде мінсіз қызмет көрсету, қонақтардың мәдени айырмашылықтары, әртүрлі мәдениет өкілдеріне қызмет көрсету ерекшеліктері, сату бөлімі үшін мінсіз қызмет көрсету, қабылдау және орналастыру қызметінің сапалы жұмысы.
«Қатысушылар өз қонақ үйінің жағымды бейнесін қалыптастыруға, түрлі мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін жұмыс істейтін тетіктерді, әлемдік тәжірибелерді және кейстерді зерделейді, қонақтармен даулы жағдайларды тез әрі тиімді шешуге, сондай-ақ мінсіз сервис ұсыну дағдыларын пысықтауға үйретеді», – делінген «Астана Конвеншн Бюро» хабарламасында.