Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Астанада Халықаралық әйелдер күні қалай тойланады

1142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне санаулы күндер қалды. Мерекеге орай елордалық мәдениет мекемелері түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын дайындады. Әр түрлі талғамда ұйымдастырылатын шаралар әйелдер үшін жақсы сый болмақ. Назарларыңызға алдағы мерекелік шаралар туралы ақпаратты ұсынамыз, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада Халықаралық әйелдер күні қалай тойланады

Тәуелсіздік сарайы:

8-30 наурыз аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Гүлдің нәрі» көрмесі ашылды.

№ 4 Балалар кітапханасы:

8-10 наурыз «Прекрасных женщин имена» көрме-галереясы ұйымдастырылды.

№ 3 Балалар кітапханасы:

8-10 наурыз «Айналайын, ақ мамам! Мамина улыбка!» шарасы

Мичурино кентіндегі көпшілік кітапханасы:

8 наурызға орай 8-10 наурыз «Көктем –ана, қыздар - гүл» қолданбалы өнер көрмесі өтеді.

«Жастар» сарайы:

6 наурызда сағат 18.30-да «Астана» ЭСО биг-бэндінің «Джаз-Любовь-Весна» концерті өтеді.

10 наурыз «Весенняя капель» балдық билер жарысы өтеді.

«Астана» концерт залы:

6 наурыз күні сағат 19:00-де «О чем поют мужчины» концерті  ұйымдастырылады;

16 наурыз сағат 19:00-де ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова қала тұрғындары мен қонақтарына «Жан ана» атты концертіне шақырады.

Қ. Қуанышбаев атындағы театры:

6 наурыз күні қала тұрғындары мен қонақтарын «Қалам мен бесік тербеген» әдеби-шығармашылық кешіне шақырады.

Сәкен Сейфуллин музейі, «Бәйтерек» монументі және Алжир музейі:

6 наурызда сағат 10:00-18:00 аралығында тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарды ашық есік күніне шақырады.

«Қазақстан» ОКЗ :

7 наурызда сағат 17:00-де Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» мерекелік концерті өтеді.

Мереке күндері қаладағы театрлар өздерінің ең үздік қойылымдарын көрермен назарына ұсынады.