Әлем • 06 Наурыз, 2019

Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтіп жатыр

883 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның инвестициалық әулеті мен бәсекелестік артықшылықтары Варшава қаласында өтіп жатқан «Invest in Kazakhstan» атты Қазақстан-Польша бизнес-форумы аясында таныстырылды деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтіп жатыр

Қазақстан делегациясының басшысы, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев Польша бизнес-қауымдастығын мемлекеттік қолдау, инвестициялық келісім шарт аясындағы преференциялары, арнайы экономикалық аймақтар және Астана қаласындағы Халықаралық қаржы орталығының жұмысы туралы мәлімдеді. Инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейін және пост-инвестициялық кезеңде қолдау «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ететінін хабарлады.

Өзге елдің кәсіпкерлері «Қазақстан-2050» Стратегиясының аясында шетелдік инвестицияларды тартудың бәсекелестік артықшылықтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға ерекше қызығушылық танытты.

Айта кету керек, іс-шарада Қазақстанның және Польшаның ауылшаруашылығы, энергетика, құрылыс және құрылыс заттарын шығару, тамақ, химия, металлургия және фармацевтика өнеркәсібі саласында жұмыс істеп жатқан бизнесмендер, соңдай-ақ «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ қатысып отыр.

Шараны Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігі мен Польша Инвестициялар және сауда жөніндегі агенттігінің қолдауымен Қазақстанның Польшадағы Елшілігі және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы бірлесіп ұйымдастырған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның негізгі мақсаты - Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстарды нығайту, сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық жобаларды, мүмкіндіктерді, бизнеске қолдау механизмдерін таныстыру болып табылады.

«Форум Сыртқы істер министрлігінің Мемлекет басшысының дипломатиялық қызмет саласындағы қызметін үнемдеу үшін жүктеген міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде трансформациядан кейінгі алғашқы нақты қадамы болды», - дейді бизнес-форумның ұйымдастырушылар.