Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

«Индустриальная Караганда» газетінің басшылығы ауысты

1149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Индустриальная Караганда» облыстық газетінің редакциясы» ЖШС-нің басшылығы ауысты. Бұған дейін басылымды басқарып келген Владимир Рыжков зейнеткерлікке шықты.

«Индустриальная Караганда» газетінің басшылығы ауысты

Газеттің бас редакторы лауазымына Оксана Вячеславовна Мягких  тағайындалды. Ол 1979 жылы дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың және  Қарағанды экономикалық университетінің түлегі.
2000 жылдан бері «Индустриальная Караганда» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істейді. 2010 жылдан бастап «Экспресс-К» республикалық газетінің облыс бойынша меншікті тілшісі қызметін қоса атқарып келді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды