05 Наурыз, 2010

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Израиль Президенті Шимон Переспен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында екі­жақ­ты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму болашағы тал­қы­ланды. Тараптар Израиль Президентінің Қазақстанға жа­са­ған мемлекеттік сапары бары­сын­да қол жеткізілген уағда­лас­тықтарды, соның ішінде жоғары технологиялар бойынша бір­лескен қор құруды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан мен Израиль Пре­зи­денттері екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдардың, атап айтқанда, үстіміздегі жылғы мау­сым айында кезекті саммиті өткізілетін АӨСШК аясындағы әрекеттестігі мәселесін талқы­ла­ды. Әңгімелесушілер сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуал төңі­регінде сөз қозғады, осы орайда Қазақстан Президенті бұл өңір­дегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті саяси-дипломатиялық жолмен қам­тамасыз ету қажеттігі жөнінде пікір білдірді.