Әлем • 07 Наурыз, 2019

«Вьетнам – Қытай – Қазақстан – Еуропа» трансконтиненталдық темір жол бағыты іске қосылды

1169 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанның Вьетнамдағы елші­лігі «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен (ҚТЖ) Вьетнам – Қытай – Қазақ­стан – Еуропа бағыты бойынша алғашқы темір жол транзиттік-көліктік дәлізінің жұмысын іске қос­қан көліктік-логистикалық жобаны жүзеге асырды.

«Вьетнам – Қытай – Қазақстан – Еуропа» трансконтиненталдық темір жол бағыты іске қосылды

2018 жылды қорытындылай келе, алғаш рет Вьетнам астанасы Ханойдан (Йенвьен стансасы) вьетнамдық шекара маңындағы Донгданг темір жол терминалы арқылы, Еуропаға бір­лескен контейнерлік құрамдар құ­рылатын ҚХР аумағы бойынша, одан әрі Қазақстан арқылы транзитпен Дуйсбургке (ГФР) көлемі 9,1 мың немесе 1686 ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) жүк тасымалы жүзеге асырылды.

Осылайша, Ханойдан неміс Дуйс­бургіне «LG» мен «Samsung» ком­панияларының жүктерін тасымалдау мерзімі 22 күнді құрады, оның 2 күні тауарды Вьетнамнан ҚХР-ға тасымалдауға қажет болды. Бұ­дан әрі аталған жүктің Дуйсбургке дейін­гі жеткізілімі 20 күн алды. Кейін Вьет­нам­нан Еуропаға дейінгі жүк тасы­малдауының жалпы уақытын 19 сағатқа дейін қысқарту жоспарланып отыр. Вьетнам тарапы жүк көлемі биылдың өзінде айтар­­лықтай артады.

Аталған темір жол бағытының іске қо­сылуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан­ның көліктік инфрақұрылымын халық­аралық көліктік жүйеге интеграциялау және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Бір белдеу – бір жол» қытайлық бас­тамамен ұштасатын еліміздің кө­лік­тік әлеуетін жүзеге асыру жөніндегі стра­тегиялық тапсырмасын жүзеге асы­рудың нақты нәтижесіне айналды.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы Қытай аумағы арқылы транзитпен кө­­­ліктік-логистикалық қатынасын құру және іске қосу жұмысына Қазақ­станның Вьетнамдағы елшілігі мен ҚТЖ 2016 жылы бастамашылық етті. Бұл тапсырманы 2016-2017 жыл­дары жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерінің Вьетнамға сапа­ры ұйымдастырылды, солардың барысында Вьетнамның Көлік ми­нистр­лігінің және «Вьетнам темір жо­лы» компания­сының жетекшілерімен кездесулер ұйымдастырылды, сондай-ақ 100-ден астам ірі әлемдік және вьет­нам­дық көліктік-логистикалық ком­пания­лардың қатысуымен екі бизнес-форум өткізілді.

Бұдан бөлек, ҚТЖ мамандары Қы­таймен шектесетін Донгданг және Лао­кай темір жол өткелдерінде болып, олар­дың аталған темір жол бағытын құру­дағы мән-маңызы мен әлеуетін айқындады.

2017 жылдың ақпанында Ханойда «ҚТЖ» мен «Вьетнам темір жолы» арасында Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып, ол екі ел арасындағы көліктік-логистикалық бағыттағы өзара әрекеттестіктің жандана түсуіне ықпал етті.

Қазақстандық дипломаттардың қолдауы және ҚТЖ өкілдерінің бел­сен­ді қатысуымен 2017 жылдың нау­ры­зы мен шілдесінде Алматы мен Ха­нойда Қазақстан, Вьетнам және Қытайдың темір жол әкімшіліктерінің алғашқы үшжақты келіссөздері жүр­гізілді. Нәтижесінде тараптар тасымал көлемдері, бағыттар және ло­гис­тикалық операторлар жөнінде келіс­ті. Аталған форматтағы келіссөз­дердің келесі раун­дына Ресей мен­ Моңғолияның серік­тестері қосыл­ды.

Белгілі болғандай, Вьетнам Еура­­зия­лық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен Еркін сауда туралы келі­сімге қол қойған тұңғыш ел болды. Қазақстан – ҚХР – Вьетнам тран­зиттік бағыты біздің еліміз бен өзге де ЕАЭО елдеріне Вьетнам нары­ғына ауылшаруашылық тауарларын, оның ішінде, ет-сүт өнім­дері мен өзге де тез тасымалдауды қажет ететін тауар­лардың жеткізілімін жасауға мүм­кіндік береді. Иранға бидай жет­кізілімі бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлескен жобалар үлгі бола алады. Өз кезегінде, Вьетнам атал­ған дәліздің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, теңіз өнімдері мен тропикалық жемістерді Қазақстанға экспорттау мүмкіндіктерін алады.

2018 жылдың қорытындысы бо­йынша, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 467,2 млн АҚШ долларын құрады. Вьетнам – ҚХР – Қазақстан – Еуропа темір жол дәлізінің іске қосылуымен екі ел арасындағы тауар­ айналымы айтарлықтай артады деп күтілуде.