14 Наурыз, 2012

Әскери интервенцияға шақырды

490 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Әскери интервенцияға шақырды

Сәрсенбі, 14 наурыз 2012 7:21

Сирия оппозициясы араб және батыс елдерін ел ісіне әскери араласуға шақырды. Қазіргі кезде үкі­меттік әскерлер мен оппозиция арасындағы қақ­ты­ғыстар барысында 7,5 мыңнан астам адам көз жұмған деген мәлімет бар.

Сирия ұлттық кеңесінің өкілі Ыстамбұлдағы баспасөз мәслихатында әскери интервенция Сирияда «гуманитарлық дәліз» құру үшін қажет екенін атап көрсетті. Бұған дейін БҰҰ-ның Сирияны реттеу бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерімен жанжалдасушы жақтарды келіссөз үстеліне отырғызуға болады деп санайтынын мәлімдеген еді. Бірақ бұл мәлімдемеге бүгін күмәнмен қараушылар көп.

 

Сәрсенбі, 14 наурыз 2012 7:21

Сирия оппозициясы араб және батыс елдерін ел ісіне әскери араласуға шақырды. Қазіргі кезде үкі­меттік әскерлер мен оппозиция арасындағы қақ­ты­ғыстар барысында 7,5 мыңнан астам адам көз жұмған деген мәлімет бар.

Сирия ұлттық кеңесінің өкілі Ыстамбұлдағы баспасөз мәслихатында әскери интервенция Сирияда «гуманитарлық дәліз» құру үшін қажет екенін атап көрсетті. Бұған дейін БҰҰ-ның Сирияны реттеу бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерімен жанжалдасушы жақтарды келіссөз үстеліне отырғызуға болады деп санайтынын мәлімдеген еді. Бірақ бұл мәлімдемеге бүгін күмәнмен қараушылар көп.

ҚОС ТАРАП ТАТУЛАСУҒА УАҒДАЛАСТЫ

Газа секторында іс-қимыл танытып жатқан Израиль мен Палестина топтары құрбандықтар саны кем дегенде 25 адамға жетіп жығылған жанжалды тоқтату туралы келісімге келді. Мұндай келісімге Мысырдың баста­ма­шылығымен қол жеткізілген.

Қарым-қатынас ушыққан соңғы 4 күнде Газа секторында, жоғарыда айтылғанындай, 25 адам қаза тапса, олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар делініп отыр. Бұған қоса, 80 адам жараланған. Ал Израиль аумағында көз жұм­ғандар жоқ, тек 5 адам жарақат алыпты. Тараптар арасын­дағы жаңа қақтығыстар БҰҰ, ЕО және көршілес Мысыр тарапынан сынға ұшырады.

МЕШІТ ӨРТІНЕН ИМАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Бельгияның астанасы Брюссель қаласында шиит мешіті өртелді. Жергілікті биліктің деректеріне қарағанда, аты-жөні айтылмайтын ер адам ғима­рат­қа бензин құйып от қойған. Бұл Брюссельдегі ең еңселі мешіттердің бірінен саналады.

Өрт салдарынан мешіт түгел күлге айналса, оның 47 жастағы имамы қаза тапқан. Қазіргі кезде күдікті қамауға алыныпты. Билік өкілдері бұл әрекетті жазғырған мәлімдеме таратты. Мәселен, Бельгия ішкі істер министрі Жоэль Милкуэ ханым оқиға өзін ес-түсінен айырғанын атап көрсетті. Елде мешітке шабуыл соңғы рет 1989 жылы жасалған екен.

ТӨҢКЕРІСШІ-ЖУРНАЛИСТЕР БОСАТЫЛДЫ

Түркияда мемлекеттік төңкеріс дайындауға қа­тысы бар деп айыпталған 4 журналист бостан­дыққа шықты. Сот түрмеде айтарлықтай ұзақ уақыт отыр­ғандықтан және тергеу ісіне кедергі жасай алмайды деп санағандықтан, оларды босату туралы шешім қабылдаған.

Журналистер қамауға өткен жылдың наурыз айында алынса, түрмеде бір жылдан астам уақыт ұсталған. Билік олар Реждеп Тайып Эрдоғанның үкіметін құлату ниетінде болған «Эргенекон» деп аталатын жасырын ұлттық ұйым­ның қызметіне қатысқан деп пайымдайды. Жалпы, аталған ұйым өкілдерін тұтқындау 2008 жылдың жазында бастал­ған болатын.

150 АДАМ ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТЫР

Бангладеште бортында 200-дей адамы бар паром апатқа ұшырады. Ол Менга өзенінде ел астанасы Дакки қаласынан оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде басқа пароммен соқтығысып қалған.

Жергілікті полиция өкілінің сөзіне қарағанда, 35 жолаушыны басқа паром өз бортына алған. Қалған адамдардың тағдыры белгісіз. Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар әзірше апат болған бірде-бір адамның денесін таба алмаған. Паромдар мен қайықтар апаты Бангладеште жиі орын алып тұрады және олардан ондаған адам көз жұмады.

ЕҢ БАЙ ӘЙЕЛДІҢ ҮЙІ ТІНТІЛДІ

Франция полициясы Еуропадағы ең бай әйел, L’Oreal-дің тең иегері Лилиан Бетанкурдың үйіне тінту жүргізді. Тінту салық төлеуден жалтарды және саяси ұйымдарды заңсыз қаржыландырды деген істі тергеумен байланысты жүзеге асырылды.

Л.Бетанкурға 2007 жылы Николя Саркозидің сайлауалды бағдарламасын қаржыландыруға 150 мың долларды заңсыз бөлді деген күдік келтірілуде. Ол Еуропадағы ең бай әйел, ал әлемдегі ең бай әйелдердің бірі саналады. «Форбс» журналы оның байлығын 24 миллиард доллар деп бағалаған болатын. Бұл жолғы тінтуді Франциядағы президенттік сайлаумен тікелей байланыстырған да жөн секілді.

Қысқа қайырып айтқанда:

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Ауғанстанның Қандағар провинциясында 16 бейбіт тұрғынды атып өлтірген америкалық әскери қызметшінің өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

* БҰҰ кеңесінің адам құқы жөніндегі мәжілісі кезінде Солтүстік Кореядағы адам құқының бұзылуы туралы ЕО мен Жапония баяндамашыларынан кейін Оңтүстік және Солтүстік Корея өкілдері арасында төбелес орын алды.

Франция президенті Николя Саркози сайлауалды науқаны басталғалы бері алғаш рет қоғамдық сұрау салулар нәти­жесін­де басты қарсыласы – социалистік партиядан кандидат Франсуа Олландтан басым түсті.

* Таллиндегі әскери зиратта орнатылған Азат етуші жауынгерге арналған ескерткішке белгісіз біреулер ақ бояу жағып кеткен. Қоладан құйылған солдат – Эстонияны фашистерден азат ету жолында қаза тапқан кеңес әскерилеріне орнатылған ескерткіш болып табылады.

Ташкентте бұрынғы актер, Адольф Гитлердің қосары (двойник) ретінде танылған Александр Шишкин өмірден өтті. Ол бірқатар фильмде Гитлерді сомдаған болатын. 17 доллар зейнетақы алып келген актер өте кедей тұрса керек.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.