Жүздесуге Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің, №102 орта мектептің, Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының, Шахтинск қаласының гемодиализ орталығының, «Кемеңгер» техноорталығының, «Салтанат» балабақшасының, А.Ысмайылов атындағы балалар сурет мектебінің қызметкерлері қатысты.
Азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретінде дамыту баршамыздың басты мақсатымыз екенін айтқан Елбасының сөзіне жұртшылық зор сенім білдіріп, қолдайтындарын жеткізді.
Депутат сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын және әл-ауқатын арттыру үшін Ұлттық қордан қаражат бөлінетіні туралы Елбасының шешімі жайында айта келіп, әлеуметтік саясатты одан әрі дамытудың іс жүзіндегі бағыттарына кеңінен тоқталды.
Сенатор С.Ершов кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, аймақ тұрғындарының мәселелерін талқылады. Алдағы уақытта аталған мәселелер бойынша тиісті шаралар көзделетіні туралы да айтты.
Сапар аясында сенатор С.Сапиев атындағы боксты дамыту орталығында болып, бапкерлер және жас спортшылармен жүздесті.