«Декларациялау жүйесін енгізудің басты мақсаты - көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жүргізу үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін тиімді бақылау жүйесін құруға негізделген», - деп мәлімдеді ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев.
Декларацияны енгізу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде декларацияны мемлекеттік қызметшілер, олардың жұбайлары мен оларға теңестірілген адамдар тапсырады. Азаматтардың қалған санаттары келесі кезеңдерде 5 жыл ішінде декларациялаумен қамтылады.
Спикердің айтуынша, барлық мүдделі тараптармен пысықталуына қарай нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілетін болады, бұл ретте әрбір кезеңнің қорытындылары талданады, проблемалар анықталады және әдістеме мен ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша - 100 нақты қадам ұлт Жоспарының 42-ші қадамында - жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын декларациялауды енгізу көзделген.
Декларация қалай көрінеді, жеке тұлғалардың декларацияны толтыруы және тапсыру процедурасын «Электрондық үкімет» (Е-gov.kz) порталындағы сервисті пайдалана отырып қарауға болады. Сондай-ақ, бірыңғай республикалық байланыс орталығы E-gov 1414 платформасында салық және кеден мәселелері бойынша байланыс орталығы құрылады.
Жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі барлық ақпарат Комитеттің kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.