Қазақстан • 07 Наурыз, 2019

Қазақстандық студенттер XXIX Әлемдік қысқы Универсиадада жүлделі орындар иеленді

997 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Красноярск қаласындағы XXIX Әлемдік қысқы Универсиада өз жалғасын табуда. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық студенттер XXIX Әлемдік қысқы Универсиадада жүлделі орындар иеленді

Спорт сайысында Қазақ туризм және спорт академиясының студенті Асет Дүйсенов шаңғы бойынша жүлделі екінші орынды иеленсе, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті Жанбота Алдабергенова фристайл бойынша 3-орында тұрақтады. Ал, ел құрамасы шорт-трек бойынша 3-орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетейік, XXIX Әлемдік қысқы Универсиада ағымдағы жылғы 2 наурызда басталған болатын. Бүгінгі таңда құрама команда құрамындағы 95 спортшы ел намысын қорғауда. Сайысқа еліміздің жоғары оқу орындарының 17-25 жас аралығындағы студенттері мен академиялық дәрежесі бар түлектері қатысуда. Жалпы қысқы универсиадада 50 елден келген 3 050 жуық спортшы өз бақтарын сынауда.