Қазақстан • 07 Наурыз, 2019

Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерінің алғашқы құжатын проактив әдісімен алды

875 реткөрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттік қызметті бір ғана смс хабарламаның көмегімен алуға болатын проактив қағидасын енгізген болатын.  

Пилоттық жоба іске қосылғалы бері жаңа босанған жүз мыңнан астам анаға смс құттықтау жолданып, проактив тәсілімен баланың туу туралы куәлігін алу ұсынылды. Олардың 63 330 бір мемлекеттік қызметке тапсырыс беріп, сәбилерінің алғашқы құжатын онлайн өтініш беріп алды. 

Айта кетейік, пилоттық жоба шеңберінде нәрестелі болған әйелдер смс хабарламаға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлігін рәсімдеп, жәрдемақы алуға өтініш жолдап, баланы балабақша кезегіне қоя алады. 

«Енді ғана босанған әйелдерге халыққа қызмет көрсету орталығына бірнеше рет барудың қажеті жоқ. Бұрын аналар бесігіндегі баласын қалдырып, не оларды құндақтап ХҚО-ға келіп жүретін. Цифрландыру заманында проактив әдісі арқылы барлығын онлайн жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшін аналар босанбас бұрын мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов. 

Бүгінде проактив әдісі телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетімді. Мобильді базаға тіркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегімен өздері де жоғарыда аталған үш қызметке тапсырыс бере алады. 2018 жылдың қыркүйегінде іске қосылған бот қызметіне 5,5 мыңға жуық әйел жүгінген, олардың 4 842 балаларының туу куәлігін рәсімдеген.  

Соңғы жаңалықтар

Басылым басшылары - Сауытбек АБДРАХМАНОВ (1951)

Басылым басшылары • Бүгін, 12:42

Елімізде ет қымбаттады

Қазақстан • Бүгін, 12:28

Басылым басшылары - Ержұман СМАЙЫЛ (1948-2018)

Басылым басшылары • Бүгін, 11:22

Баяғы жартас – бір жартас

Аймақтар • Бүгін, 10:56

Соңғы күндердің бораны сұрапыл

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Өтініш-тілектер ескеріледі

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Аманатқа қиянат жүрмейді

Таным • Бүгін, 06:49

Қараусыз малға ұры қас

Қоғам • Бүгін, 06:46

Табысты жылыстатудың жолдары

Экономика • Бүгін, 06:40

Шаңырақ неге шайқалады?

Қоғам • Бүгін, 06:35

Жүйелі жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 06:33

Мегаполистегі маңызды жобалар

Аймақтар • Бүгін, 06:30

Өткенге есеп, ертеңге бағдар

Аймақтар • Бүгін, 06:28

Атқарылған істер ауқымды

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Сақтыққа салғырт емес

Қоғам • Бүгін, 06:20

Ұқсас жаңалықтар