Анаға деген махаббат өмір бойы сақталатын ең табиғи және риясыз сезім. Көптеген ақындар, жазушылар мен суретшілер анаға өз шығармашылықтарын арнаған. Сол сияқты оқушылардың туындыларында да анаға деген ерекше сүйіспеншілік бар. Олардың шығармалары асқақ көңіл күймен ерекшеленеді. Ана – өмірдің негізі, махаббат пен үйлесім және сұлулықты түсінудің бастауы дейді Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің бөлім жетекшісі Лаура Шинжина.
Студия оқушыларының жұмыстары негізінен акварель мен гуашь арқылы орындалған. Сондай-ақ студияның тәрбиеленушісі Ксения Стопычева линогравюраның күрделі техникасында жұмыс істесе, Милена Моисеенко өзінің сюжетін матаға жазу арқылы бедерлеген. Көптеген бала өз суреттерінде әртүрлі материалдарды, атап айтқанда акрил, пастель, түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланған.
– Жас суретшілер барлық аналарды мерекелерімен құттықтай отыра, ең нәзік, жарқын және жаңа көктем бейнелерінің вернисажын өткізе білді, – дейді Лаура Шинжина.
Раушан НҰҒМАНБЕК,
«Egemen Qazaqstan»
СЕМЕЙ