Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Түнде кей жерлер желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстанда желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін баруы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, күндіз бұрқасын болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде - желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Жамбыл, Қызылорда, Ақтобе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Түркістан, түнде және таңертен Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі.