1000 метр қашықтыққа жүгіру сынында Қарағандының желаяқ қызы 1 минут 13.7 секунд уақыт нәтижесіне қол жеткізіп, сегізінші орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш – Қазақстанның жаңа рекорды.
Бағдарламаның аталған түрінде америкалық Бриттани Боуи алдына жан салмады. Ал екінші және үшінші орындарды жапон қыздары Михо Такаги мен Нао Кодайра өзара бөлісті.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды