Қазақстан • 11 Наурыз, 2019

Аса ірі көлемде марихуана тәркіленді

966 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, 1982 жылы туған Петропавл қаласының тұрғынын құрықтады.

Аса ірі көлемде марихуана тәркіленді

Ол есірткінің аса ірі партиясын тарату мақсатында сатып алды деген күдікпен қамауға алынды. Тәркіленген марихуананың  көлемі 70 келіден асады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Кінәсі дәлелденсе,15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Жыл басынан бері облыста 53 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, 19 қылмыс ашылды. Оның 18-і қылмыстың ауыр және аса ауыр санатына жатады. Есірткі заттарын өткізудің 13, аса ірі мөлшерде есірткі сақтаудың 4, контрабандалаудың 3 фактісі ашылды», дейді есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жандос Басыбаев.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы