«Мирас» мәдениет үйінде мерекеге арналған халық көркемөнерпаздарының концерті болса, орталықта халықтық сенім бойынша Масленица символын қызықтаушылар мен оның қасында суретке түскендер қарасы мол болды.
Масленица мерекесі ауыл-селоларда да өтті. Мерекенің бас белгісі Масленица тұлыпы міндетті түрде жасалады. Тұрғындардың айтуынша, Масленица тұлыб-қуыршағын әдетте ауырған адамдардың киімінен жасайды. Мерекеден кейін Масленицаны өртеп жібереді. «Ауру-сырқаудың, жамандықтың, ауырлықтың барлығы Масленицамен бірге кетсін» деген сенімнен туған соң, оны өртеу де көңілді өтеді.
Мерекеде жиналған жұрт ән шырқап, би биледі.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай