Жарыстың күміс жүлдегері атанған қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбев (+100 кг) 51 орыннан 27-орынға, қола жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов (-66 кг) 11-орыннан 8-орынға көтерілді.
Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық дзюдошылар келесідей орналасқан (1-50):
60 кг
Елдос Сметов – 6 (4180)
Ғұсман Қырғызбаев – 10 (3229)
66 кг
Ерлан Серікжанов – 8 (3490)
Елдос Жұмақанов – 12 (3090)
73 кг
Жансай Смағұлов – 12 (3024)
81 кг
Дидар Хамза – 15 (2653)
90 кг
Ислам Бозбаев – 10 (3392)
+100 кг
Ерасыл Қажыбаев – 27 (1392)
Айта кетсек, Марокконың Мареккеш қаласында 8-10 наурыз күндері дзюдодан өткен әлемдік Гран При кезеңі өтті. Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы командалық медаль кестесінде 15-орынға тұрақтады. Жарысқа әлемнің 67 елінен 443 татами шебері қатысты.