Айта кетерлігі, мейрам күні шаһарда 31 қыз, 26 ұл бала дүниеге келген. Өмірге сәби алып келгендердің арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерінің қатарын арттырғандар да бар.
Мереке қарсаңында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов нәзік жанды әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, 20 көпбалалы анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады.
Естеріңізге салар болсақ, Шымқалада 31 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның ішінде, 2 220 ана «Алтын алқа» иегері болса, 6056 «Күміс алқа» иегері, 511 «Батыр ана», 700-ден аса 1 –ші және 2-ші дәрежелі орденмен марпатталған көпбалалы аналар.
Нұршат ТӨКЕН,
«Egemen Qazaqstan»
Шымкент