Спорт • 11 Наурыз, 2019

Екатерина Айдова Әлем кубогында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конькимен сырғанау бойынша, халықаралық турнирдің финалы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтті. 1000 метр қашықтықта қарағандылық Екатерина Айдова сегізінші орынды иеленді. Оның ақтық мәредегі уақыты 1.13.7 болды. Бұл туралы Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Екатерина Айдова Әлем кубогында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Бұл нәтиже Екатерина Айдованың жеке тәжірибесінде және Қазақстанның жаңа рекорды болып тіркелді.

Бұл жарыста американдық спортшы Бриттани Боуи жеңіске жетті. Ал екінші және үшінші орынға Михо Такаги және Нао Кодайра есімді жапондық қыздар ие болды.

Бүкіл әлемдік конькимен сырғанаудан әлем кубогінің соңғы кезеңі 9 мен 10 наурыз аралығында АҚШ - тың Солт-Лейк-Сити қаласындағы Юта штатында өтті.

Жарыс 500, 1000, 1500 метр және масс-стартта өткізілді, сондай-ақ әйелдер 3000 метр, ал ерлер 5000 метр қашықтықта бақ сынасты. Оларға әлем кубогының бес кезеңі қорытындысы бойынша 12 үздік спортшы қатысты.