18 Сәуір, 2012

Судья істен шеттетілді

233 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Судья істен шеттетілді

Сәрсенбі, 18 сәуір 2012 8:02

«Норвегиялық атқыштың» процесіндегі 6 судья­ның бірі Томас Индербюөткен жылы өзінің Брейвикті өлім жазасына кесуге шақырғанынмойындады.

Осыдан кейін ол соттың шешімімен процестен кетуге мәжбүр болды. Андерс Брейвикті өлім жазасына кесу туралы үндеу «Верденсганг» басылымында жарияланған болатын. Бұл жағдайдағы ең объективті және әділ үкім өлім жазасы деп жазған екен судья өткен жылдың 22 шілдесінде, яғни террорлық акт орын алғаннан соңғы екінші күні. Мәселенің анық-қанығын тергеу анықтайтын болады.

 

Сәрсенбі, 18 сәуір 2012 8:02

«Норвегиялық атқыштың» процесіндегі 6 судья­ның бірі Томас Индербюөткен жылы өзінің Брейвикті өлім жазасына кесуге шақырғанынмойындады.

Осыдан кейін ол соттың шешімімен процестен кетуге мәжбүр болды. Андерс Брейвикті өлім жазасына кесу туралы үндеу «Верденсганг» басылымында жарияланған болатын. Бұл жағдайдағы ең объективті және әділ үкім өлім жазасы деп жазған екен судья өткен жылдың 22 шілдесінде, яғни террорлық акт орын алғаннан соңғы екінші күні. Мәселенің анық-қанығын тергеу анықтайтын болады.

Оппозиция кепілдік талап етуде

Сириялық оппозиция Башар Асадтың режіміне сенім көрсетпей отыр.

Олардың айтуларынша, тек белгілі бір кепілдіктер болған жағдайда ғана Дамаскімен келіссөздерге баруға болады. Режім сенімін жоғалтты. Сириялық үн­қатысуға БҰҰ, Араб мемлекеттері лигасы және Еуро­одақ сияқты күшті де ықпалды кепілдер қажет, деп мәлімдеген Сирияның ұлттық үйлестіру комитетінің өкілі Хасан Абдул әл-Азим. Оның айтуынша, БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасының арнайы елшісі Кофи Аннанның жоспары дағдарысты бейбіт реттеу үшін ең соңғы мүмкіндік болып табылады.

 

Солтүстік кореяға ескерту

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі КХДР-дың зымыран ұшы­руын қатаң айыптады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі КХДР одан әрі зымыран ұшырған және ядролық сынақтар жасаған жағдайда тиісті шаралар қабылдауға дайын, деп мәлімдеген АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сьюзан Райс. 13 сәуірдегі зымыран ұшырылуы, ол үшін баллистикалық зымыран технологиясы қолданылатындықтан, Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын елеулі түрде бұзу болып табылады делінген жоғарыда аталған мәлімдемеде.

 

Тағы да жер сілкінді

Кеше Индонезияның Суматра аралының жағалауында өте күшті жерсілкінісі болды.

АҚШ-тың геологиялық қызметінің хабарлауына қара­ғанда, зілзаланың күші 5,1 балды құраған. Жер сілкінісінің кіндігі Банда-Ачех провинциясының астанасы Ачех қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 шақырым жерде, 42 шақырым тереңдікте болған көрінеді. Қираған ғимараттар туралы әзірге мәліметтер жоқ. Дегенмен, жер сілкінісінің өзі-ақ қалада айтарлықтай дүрбелең туғызған көрінеді.

Пингвин тістеп алды

Республикалық партия атынан АҚШ президенттігінен үміткер НьютГингричке хайуанаттар бағын аралап жүрген кезде пингвин ша­буылжасаған көрінеді.

Оқиға Гингрич өзінің сайлауалды нау­қа­ны шеңберінде келген Миссури штаты­ның Сент-Луис қаласында орын алған. АҚШ-тың ұлттық атқыштар ассоциациясы өкілдерімен жоспарланған кездесу алдында кандидат жергілікті хайуанаттар бағын қызықтамақ болып шешеді. Жыртқыш аңдар мен қолтырауындар тұратын террариумнен аман-есен өткен 68 жастағы саясаткердің саусағын Магеллан пингвині тістеп алған көрінеді. Сол жерде жарақатты жабысқақ дәкемен таңып тастауға тура келіпті.

 

Ортақ келісімге келді

Ливияның өтпелі ұлттық кеңесінің басшысы Мустафа Абдель Жалил Алжир басшылығымен, оның ішінде президент Абделазиз Бутефликпен келіссөз жүргізген.

Алжир өкіметі өтпелі ұлттық кеңес басшысын Джамахирияның бұрынғы көсемі Муамар Каддафидің осы елде жүрген отбасы мүшелері Ливияға қауіп төндірмейді деп сендірген. Ұлттық кеңес жетекшісінің айтуынша, тараптар Алжир аумағында Ливия үшін қатер төндіретіндей ештеңенің болмайтындығы жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізген. Алжир мен Ливия басшылары өз шекараларын қорғау және терроризммен күрес ісінде өзара бірлесе қимылдауға дайын екендіктерін мәлімдеген.

 

Сайлауға санаулы күн қалды

Франциядағы президент сай­лауының бірінші турына дейін санаулы-ақ күн қалды.

Әлеуметтік сұрау салулардың соңғы мәліметтері бойынша, 10 кандидаттың тек бесеуі ғана 10 пайыздық кедергіден өте алады. Олар – елдің қазіргі прези­денті Николя Саркози мен Франсуа Олланд, сол сияқты Марин Ле Пен, Жан-Люк Меланшон және Франсуа Байру. Екінші турға үміткерлердің тек екеуінің ғана – қазіргі президент пен оның ең басты қарсыласы – социалист Олландтың қалатынына бүгінде ешкімнің де күмәні жоқ.

 

Шетелдерден байытылған уран сұрайды

Иранның сыртқы істер министрі Акбар Салехи егер шет мемлекеттер Иранға жоғары дәрежедегі таза­лық­тағы отындық байытылған уран берер болса, өздерінің қазіргі шешімін өзгертуі мүмкін екенін хабарлаған.

Ирандағы студенттер ақпараттық агенттігінің А.Салехидің сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлауына қарағанда, ел реакторлары үшін 20 пайыз тазалықтағы байытылған уран өндіру­ге Иранның толық құқы бар. Сонымен бірге, А.Салехи батыс елдерін Иранның ядролық проблемасына қатысты келіссөз­дердің келесі турына дейін Иранға қатысты санкцияны тоқтата тұруға шақырған. Айта кету керек, АҚШ, Ұлыбри­тания, Франция, Ресей, Қытай, Германияның Иранмен келіс­сөздерінің жаңа раунды 14 сәуірде аяқталған болатын. Келесі кездесу 23 мамырда Бағдадта өтпек.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.