Футбол • 11 Наурыз, 2019

Қазақстан құрамасының ЕУРО-2020 іріктеу кезеңіне шақырылған футболшыларының тізімі

1062 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының Шотландия және Ресей құрамасына қарсы өтетін ойынға шақырылған футболшыларының тізімі жарияланды деп хабарлайды Қазақстан футбол федеарциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасының ЕУРО-2020 іріктеу кезеңіне шақырылған футболшыларының тізімі

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Шотландия және Ресеймен өтетін ойынға шақырылған футболшыладың тізімі жариялады. Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Игорь Щацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников (барлығы - «Астана»), Ян Вороговский, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев (барлығы – «Қайрат»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де - «Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Юрий Перцух (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы – «Қайрат»), Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей), Максим Федин («Тобыл»), Александр Меркель («Хераклес», Голландия);

Шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Левски», Болгария).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 21 наурыз күні Шотландия құрмасына, 24 наурыз күні Ресей футболшыларына қарсы матч өткізеді.