20 Сәуір, 2012

Ресей одақтасын қолдайды

253 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ресей одақтасын қолдайды

Жұма, 20 сәуір 2012 7:33

Ресей мен Белоруссия әуе қорғанысы жү­йесін құруға уағдаластыБұлекі ел қорғаныс министрлерінің кездесуінен кейін белгілі болды.Беларустық ведомство басшысы әріп­те­сіне Польша тарапынан әскериқауіптің бар екендігін алға тартқан көрінеді.

 

Жұма, 20 сәуір 2012 7:33

Ресей мен Белоруссия әуе қорғанысы жү­йесін құруға уағдаластыБұлекі ел қорғаныс министрлерінің кездесуінен кейін белгілі болды.Беларустық ведомство басшысы әріп­те­сіне Польша тарапынан әскериқауіптің бар екендігін алға тартқан көрінеді.

Негізінен сарапшылар Беларусь-Польша түсініспеушілігін Мәскеуден әскери салада жеңілдік алу үшін қол­данып келеді дегенді алға тартады. Әйтсе де Ресей одақтас елді әуе қорғанысы жүйесімен қамтамасыз етуге бейілді екендігін танытты. Енді Белоруссия үстіміздегі жылы жеңілдетілген баға­­мен «Тор-М2» зенитті-зымыранды кешенмен жабдықталатын болады.

Кешірім сұрауды талап етті

Солтүстік Корея республикасының негізін қалаушы Ким Ир Сеннің 100жылдығын атап өтуге орасан шығын шығарады деген мәлі­мет таратып, «жала жапқаны және қара­ла­ғаны» үшін Оңтүстік Кореядан кешірімсұ­рауды талап еттіЕгер бұл орындалмаған жағдайда Сеулді жарыпжібермек ниетте екендіктерін де ескерткен.

Өткен аптада Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак өз сөзінде Пхеньян зымыран ұшыруға шамамен 850 миллион доллар жұмсағанын, бұл қаржыға қазір КХДР тапшылық көріп отырған азық-түлік жетіспеушілігі жағдайында алты жылға жетерлік 2,5 миллион тонна бидай алуға болатындығын мәлімдеген-ді. Сондай-ақ насихат жұмыстарына жұмсалған 350 миллион долларға Солтүстік Кореяның 24 миллион тұрғынын 100 күн тамағына шығындауға болар еді делініпті Сеул тарапынан.

Президент елді қайта біріктірмек

Судан президенті Омар Башир Оңтүстік Суданға соғыс жариялапоныңастанасы Джубеде отырған билігін жәндіктерше мыжыптақтанкетіретіндігін мәлімдедіМұндай мә­лім­демені ол екі ел шекарасындағыәскери қақ­ты­ғыс кезінде жасаған.

Хартуда өткен партияластарымен болған жиында ол «Суданды азат ету халықтық қозғалысының» билігінен Судан халқын құтқаруымыз керек деген. Осылай ол тарихи қателікті түзейтінін білдірген. Осы ретте Оңтүстік Судан Харту билігімен ұзақ жылдарға созылған әскери қақтығыстардан кейін өз тәуелсіздігін өткен жылдың шілдесінде алғандығын айта кету керек.

Зымыран сынақтан өтті

Үндістан алғаш рет Еуропа мен Қытай аумағын қамти алатын «Агни-5»баллистикалық зымыранын сынақтан өткіздіАталған зымыран Ориссаштатының шығыс жа­ға­лауындағы Уилер аралы полигонынанұшырылған көрінеді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Агни-5» үш сатылы қатты отынмен жанатын зымыран саналады. Оның ұзын­дығы 17 метр болса, салмағы 50 тоннадай екен. Құрлық­ара­лық қа­шықтық саналатын 5 мың шақырымды еркін алатын зымыранның оқтұмсығы ядролық және өзге де жойғыш қарулармен жарақ­тандырыла алатын сияқты. Әзірге мұндай қару Ресей, АҚШ, ҚХР, Ұлыбритания мен Францияда бар.

Әскерилер әрекеті – сорақылық

The Los Angeles Times басылымы өз бомбаларына жарылып өлген ауғандық жанкештілердің шашылып қалған дене мүшелерінің бедерінде суретке түскен АҚШ әскерилерінің фотосын жариялады. Ақ үй басылымның материалды жария еткеніне өкініш білдіріп отыр.

Бұл жағдай осыдан екі жыл бұрын орын алған болатын. АҚШ президенті Барак Обама оқиғаның анық-қанығын тексеруге және кінәлілерді жауапқа тартуға тапсырма да берген. Тіпті, Пентагон басшысы Леон Панетта Брюссельде болған кездесуде мұны со­ғысқа теліп, жас жігіттердің қылығы үшін АҚШ қорғаныс ми­нис­трлігі атынан ауғандықтардан кешірім сұрады.

Күдікті кеме тексерілуде

Түрік өкіметі сириялық әскерилер үшін қару-жарақ тасымалдап жүр деген күдік­пен Искендерон қаласының порты ма­ңын­­да ұсталған AtlanticCruiser атты не­міс­тің жүк таситын кемесін тексеруге кірісті.

Бұдан бұрын Түрік билігі аталған кеме Иран қару-жарағын Сирия президенті Башар Асадқа жеткізуде деген ақпарат алған көрінеді. Кеме иесі болып табылатын компания жүк­тің Сириядағы электр стансасы үшін қажетті құрал-жабықтарды Үндістаннан тасымалдап келе жатқандықтарын алға тартыпты. Қазір бұл істі тексеруге Германия да кірісіп отыр.

Жапония туралы болжам

2050 жылы Жапония бай әрі дамыған елдер қатарынан түсіп қалады. Мұндай мәліметті Century Public Policy сараптамалық ұйымы таратып отыр. Олар бала туудың кеміп, жұмыс күшінің азаю мүмкіндігі тенденциясының сақталуына байланысты осындай ұйғарым жасаған.

Оның үстіне Жапонияда жинақ нормасының кемуі мен инвестиция көлемінің қысқару факторы да байқалуда екендігі басты назарға алыныпты. 2014 жылы әлемнің ірі экономикалы елдері тізіміндегі үшінші орындағы Жапонияны Үндістан ығыстырып шығарады деген болжам бар. Осылайша Күншығыс елі әлемдік ірі экономикасы бар елдердің ондығынан шығып қалады деп күтілуде.

 Интернет материалдары негізінде әзірленді.