Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

Әкімдер басқару менеджментінің қыр-сырын меңгереді

919 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың маңыздылығын жете түсіндіру мақсатымен  қала және аудан әкімдері үшін «Аймақтың дамуына бағытталған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің  трансформациясы» атты  семинар ұйымдастырылды.

Әкімдер басқару менеджментінің қыр-сырын меңгереді

Бес күнге жалғасатын шараға жобалық менеджмент бойынша сертификатталған жаттықтырушы Арман Евниев, ҚР Президенті  жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өкілдері қатысуда.

 Жиынды ашқан  аймақ басшысының орынбасары Мадияр Қожахмет былтыр Мемлекеттік басқару академиясының жергілікті филиалында 200-ден астам мемлекеттік қызметші білітілігін жетілдіргенін, жобалық басқару  әдістері мен тәжірибесі жағынан білімдері молыққанын  атап көрсетті.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова 1994 жылдан бері еліміз үшін білімді, басқару қарым-қабілеті қалыптасқан мемлекеттік қызметшілер дайындаумен айналысатын жоғары  оқу орны тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мұнда  қазіргі заманғы басқарудың озық технологиялары кеңінен оқытылады. Жобалық менеджмент орталығы жұмыс істейді.

Арман Евниев тыңдаушылар алдында ауыл шарушылығы өнімдері мен экспорт көлемін ұлғайту, мемлекеттік жобларды тиімді жүзеге асыру  тақырыптары бойынша  дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Қазақстан ауқымында жүзеге асырылып жатқан қанатқақты жобалардың тиімділігін түсіндірді. Оның  айтуынша бюрократиялық жүйеден бас тартып, экономикалық әлеуетті арттыру бағытында жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігін уақыттың өзі ұсынып отыр.

«Бұл жүйе өркениетті елдерде бұрыннан қолданылып келеді. Артылықшылықтары көп. Медежментті терең игерген басшыға қай іс сеніп тапсырылса да  кәсіби шеберлікпен атқара алады.Басты талап–біліктілік пен жеке жауапкершілік. Осы үдеден көріне білу–басты міндет», деді А. Евниев.

  Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы