25 Сәуір, 2012

Кеңестің кезекті отырысы өтті

261 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеңестің кезекті отырысы өтті

Сәрсенбі, 25 сәуір 2012 7:22

Кеше Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйы­мына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы болды, оған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қатысты, деп хабарлады ҚР Қор­ға­ныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ШЫҰ-ға мүше мем­ле­кеттердің қорғаныс ведом­стволарының басшылары ашық және достық жағ­дай­да көптеген мәсе­ле­лер­ді қарастырды, 2011 жылы Астана қаласында қабыл­данған ШЫҰ қорғаныс министрлерінің 2012-2013 жылдарға арналған ын­ты­мақтастық жоспарының жү­зеге асырылуында про­грес­тің бар екендігі атап өтілді.

Қорғаныс министрлері аймақтағы мемлекеттер үшін маңызы бар қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету, Ұйым аумағында бейбіт­ші­лік пен тұрақтылықты сақ­тау мәселелеріне баса назар аударды. ШЫҰ-ның келешекте рөлін арттыру мақсатында сындарлы идея­лар айтылып, халықты жап­пай қырып-жоятын қа­руларды таратпау, терроризм, сепаратизм және экстремизммен күреске ха­лық­аралық тұрғыда күш салу сөз болды.

Өз сөзінде Әділбек Жақ­сы­беков Қазақстан ШЫҰ шең­беріндегі ынтымақтас­тық­қа көп көңіл бөле­тін­дігін, сондай-ақ Ұйымның болашағы зор екендігін, ал біздің еліміз әскери са­ладағы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамытуға ниетті екендігін атап өтті.

Кеңестің қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қабылданды, сондай-ақ Тәжікстанда 8-14 маусым ара­лығында өтетін «Бейбіт миссия-2012» бірлескен жат­тығуының мәні бекітілді.

Сол күні Әділбек Жақ­сыбеков өз әріптесі, ҚХР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Лян Гуанлемен кездесті. Кездесуде екі ел қорғаныс ведомстволарының екі жақты, көп жақты пі­шіндегі өзара қарым-қаты­настары талқыланды.

Кеңес шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қор­ға­ныс ведомстволарының басшыларын Қытай Ха­лық Рес­публикасы Төраға­сы­­ның орынбасары Си Цзинь­­пин қабылдады. Қор­ғаныс министрлері аты­нан Әділ­бек Жақсыбеков сөз сөй­леді. Қазақстан қор­ға­ныс ведомствосының басшысы Қытай жағының қонақ­жай­лығына алғысын біл­дірді және Қазақстан Рес­публикасының Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назар­баев­тың «ШЫҰ-ның құ­рылуы мә­де­ни, тіл және сауда-сат­тық жағынан тарихи байланысы бар, бей­біт даму­ға, тату көршілік пен ын­тымақтастыққа тал­пынған халықтардың заң­ды көрі­нісі болды. ШЫҰ мем­лекетаралық бай­ланыс­та­ғы біздің аймақ­тың бола­шақтағы сипаты мен кел­бетін анықтайтын жаңа мә­дениетті бейне­лейді», деген сөзімен қо­ры­тын­дылады.