Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы туристік саланы дамытуды ұсынды

1048 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі елімізде туристік саланы дамыту үшін бірнеше шара қолдануды ұсынды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы туристік саланы дамытуды ұсынды

Атап айтар болсақ, он басым туристік аумақтарды (БТА) және оларда он басқарушы компанияларды құруды жоспарлап отырғанын айтты. Шараға 800 млрд теңгеге 200-ден астам инвестициялық жобаны тартуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Министрдің мәліметінше, Саяси және қаржылық ресурстарды шоғырландырудың осындай моделі бойынша туризм АҚШ-та, Канадада, Түркияда және Испанияда дамыған.

Сондай-ақ рекреациялық жүктемені ескере отырып, ЕҚТА-да туризм инфрақұрылымын дамытуға бизнестің кіруі үшін жағдайлар жасай отырып, туристік дестинация ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) дамытуды қолға алмақ.

Бұл шара АҚШ, Канада, Беларусия, Тәжікстан және Иранға ұқсас эко-және аңшылық туризмнің дамуына, сондай-ақ Қызыл кітап жануарларының популяциясын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді екен.

Сонымен қатар Грузияның, Чехияның, Эмираттың (БАӘ) тәжірибесі бойынша туризмді дамыту үшін негізгі нарықтарда жылжыту сапасын арттыруды ұсынды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджеттік жүктемені төмендету үшін көрсетілген шамада тек шетелдік азаматтардан бір түнге 2-4 доллар мөлшерінде, «Bed Tax» ұқсас туристік жарна практикасы енгізілетінін айтты. Шара Мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәттен бастап бүкіл Қазақстан бойынша әрекет ететін болады.

«Алымдар «Kazakh Tourism» ҰК АҚ жанынан ашылған бюджеттен тыс шотқа түсетін болады, бұл кейіннен компанияның өзін-өзі ақтап шығуына мен ұстауына және елдің туризмін жылжытуға бюджеттік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.  Шара сондай - ақ «Kazakh Tourism» маркетингтік жұмысының тиімділігін ынталандыратын болады - шетелдік туристер ағынының ұлғаюынан көбірек алымдар алатын болады», деді ол.

Шарадан түскен қаржылық түсімдер кейіннен ұлғаюмен жылына 1,5 млрд.теңгені (4 млн.доллар) құрайды деп күтілуде.