Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

Арман Мырзағалиев «Астана Операда» «Портреттер» атты концертін ұсынбақ

849 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал скрипкашы Арман Мырзағалиев елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына 15 наурызда «Астана Операның» Камералық залында өтетін «Портреттер» атты музыкалық кешін ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Арман Мырзағалиев «Астана Операда» «Портреттер» атты концертін ұсынбақ

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеш бағдарламасына Валентин Сильвестровтың Рost Scriptum скрипка мен фортепианоға арналған сонатасы, Антонин Дворжактың Ішекті аспаптарға арналған секстеті, ля мажор, ор.48,  Эдвард Григтың Екі норвег әуені, ор.63, сонымен қатар Гия Канчелидің Скрипка мен фортепианоға арналған Time… and Again шығармасы енген.

«Мен үшін музыка қандай да бір ыңғайлы, табысты да танымал туындыға қарағанда, кең әрі терең екендігі сөзсіз. Ұсынылған бағдарламаның да өзгешелігі осы. Жақсы, нағыз музыкаға құштарлық – менің концерттерімдегі бағдарламалардың бәрі осы бір негізгі қағида бойынша құрастырылады», - дейді Арман Мырзағалиев.

Концерттің басталу уақыты: сағат 19:00-де.