Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

iKOMEK 109 мобильді қосымшасы іске қосылды

1300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына өтініш беруге арналған iKOMEK 109 мобильді қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

iKOMEK 109 мобильді қосымшасы іске қосылды

«Мобильді қосымша арқылы Астананың тыныс-тіршілігі туралы өзекті ақпаратты, атап айтқанда жоспарлы-жөндеу жұмыстары, жолдардың, тасжолдардың жабылуы, мектептерде сабақ болмайтыны және басқа да маңызды хабарландыруларды таба аласыздар. Ақпарат секунд сайын жаңарып отырады»,– делінген орталық таратқан хабарламада.

Қосымша азаматтарға өтініштерді жіберіп қана қоймай, мекенжайды картада көрсетіп, фотоматериалдарды тіркеуге мүмкіндік береді.

iKOMEK 109 қосымшасын PlayMarket-тен немесе Apple store-дан жүктеуге болады.