09 Мамыр, 2012

Әскерді мерзімінен бұрын шығармақ

206 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әскерді мерзімінен бұрын шығармақ

Сәрсенбі, 9 мамыр 2012 7:26

Францияның жаңа сайланған президенті Франсуа Олланд француз әскерлерін Ауғанстаннан белгіленген уақыттан екі жыл бұрын шығармақ ниетте.

Бүгінде Бесінші республиканың жаңа сайланған прези­денті өз көмекшілерімен бірге халықаралық кездесулерге дайындалуда. Таяу уақыттары Олланд Германия мен АҚШ-қа ресми сапармен барады. Оның штабы президент сайлау алдында берген уәделерін орындайтын болады  деп мәлімдеп отыр. Мәселен,  Чикагода өтетін НАТО самми­тінде Олланд француз контингентін Ауғанстаннан осы жылдың аяғына дейін мерзімінен бұрын шығару жөнінде мәселе көтермек.

 

Сәрсенбі, 9 мамыр 2012 7:26

Францияның жаңа сайланған президенті Франсуа Олланд француз әскерлерін Ауғанстаннан белгіленген уақыттан екі жыл бұрын шығармақ ниетте.

Бүгінде Бесінші республиканың жаңа сайланған прези­денті өз көмекшілерімен бірге халықаралық кездесулерге дайындалуда. Таяу уақыттары Олланд Германия мен АҚШ-қа ресми сапармен барады. Оның штабы президент сайлау алдында берген уәделерін орындайтын болады  деп мәлімдеп отыр. Мәселен,  Чикагода өтетін НАТО самми­тінде Олланд француз контингентін Ауғанстаннан осы жылдың аяғына дейін мерзімінен бұрын шығару жөнінде мәселе көтермек.

ПРЕЗИДЕНТТЕН КӨМЕК КҮТЕДІ

Пәкстанда «Әл-Каида» содырла­рының кепілдігінде отырған АҚШ азаматы Уоррен Вайнштейн өзін құт­қарып алу үшін шаралар қабылдау жө­нінде ел президенті Барак Обамаға бейнеүндеу жолдаған.

Америкалық азамат Б.Обама «Әл-Каиданың» талаптарын орындап, қысқа мерзім ішінде өзін босатып алу жөнінде қадамдарға баруы тиіс деп мәлім­деген.  Атап айтқанда, АҚШ ұйымның Ауғанстандағы базаларына соққы жасау үшін ұшқышсыз ұшақтарды қол­данудан бас тартуы керек. Оның сыртында Вашингтон «Әл-Каиданың» бірқатар өкілдерін түрмеден босатуы қажет. Сонымен бірге Ақ үйдің өкілі Джей Карни Вашингтон «Әл-Каидамен» келіссөздерге бармайды деп мәлімдеп отыр.

БАЛАМАЛЫ ПАРЛАМЕНТ ҚҰРМАҚ

Сирияда 50 жыл ішінде алғаш рет билік партиясынан өзге кандидаттардың қатысуымен өткен парламент  сайлауы аяқталды.

Сирия өкіметі дауыс беру сайлаушылардың жоғары белсенділігімен өтті деп мәлімдеп отыр. Елдің жаңа конституциясына сәйкес кандидаттар 250 депутаттық мандат  үшін бәсекеге түсті. Сайлауға 9 жаңа партиядан 7195 кандидат қатысқан көрінеді. Дегенмен, оппозиция олардың бәрі де бұрынғы саяси элитамен  байланыста, сондықтан шынайы тәуелсіз партиялар болып табылмайды дегенді көлденең тосуда. Сөйте тұра, оппозиция «баламалы» парламент құратынын да мәлімдеген.

ЖЕҢІМПАЗ ЕКІНШІ ТУРДА АНЫҚТАЛАДЫ

Сербияда өтетін президент сайла­уының екінші турына қазіргі президент Борис Тадич пен оппозиция көсемде­рінің бірі Томислов Николич қатыса­тын болады.

Президент сайлауының бірінші туры­ның қорытын­дылары бойынша Б.Тадич 25,33 пайыз дауыс жинаса, оның қарсыласы Т.Николичке сайлаушылардың 24,99 пайызы қолдау көрсеткен.14,24 пайыз дауысқа ие болған Сербия социалистік партиясының басшысы Ивица Дачич үшінші орын алып отыр. Демо­кратиялық партияның басшысы және Еуропамен интегра­цияланудың ашық жақтаушысы Б.Тадичтің басшылығы кезінде ел Еуроодаққа мүшелікке кандидат мәртебесіне қол жеткізді. Дегенмен,  оның атына экономикалық реформаларды жүзеге асыра алмады деген сын да айтылуда.

САЙЛАУДЫ ТОҚТАТУДЫ СҰРАЙДЫ

Әзербайжанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Агшин Мехтиев Таулы Қарабақта жоспарланған президент сайлауына байланысты ұйымның Бас хатшысы атына хат жолдады.

Бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметтер бойынша Армения биылғы шілде айында Әзербайжанның жаулап алынған Таулы Қарабақ өңірінде «президент сайлауын» өткізбекші. Осыған орай халықаралық деңгейде, оның ішінде БҰҰ Бас  Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесі деңгейінде де Таулы Қарабақ өңірі мен Әзербайжан Республикасына іргелес  жеті аудан Арменияның  әскери басқын­шылығында деп танылған. Халықаралық қоғамдастық осы өңірдегі бұған дейінгі «сайлауларды» айыптаған, дей келіп, хатта  БҰҰ-ның аталған арандатушы әрекетке қарсы шығатынына сенім білдірілген.

УКРАИНА САММИТ ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛДЫ

Украина бірқатар мемлекеттер бас­шыларының қатысудан бас тартуына байланысты Ялтада Орталық Еуропа саммитін өткізбейтін болды.

Бірқатар еуропалық елдердің басшылары «түрлі себептерге байланысты», бірінші кезекте Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенкоға жақсы көзқарас танытылмауына байланысты саммитке келе алмайтындарын күні бұрын хабарлаған.  Атап айтқанда, Германия, Эстония, Чехия жә­не басқа да елдердің басшылары саммитке келуден бас тартып отыр. Айта кету керек, Ю.Тимошенко 2011 жылдың қазанында 7 жылға сотталған болатын. Оған Ресеймен 2009 жылы газ келісіміне  қол қойған кезде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған еді.

ЗЕЙНЕТКЕР ШАРТТЫ ЖАЗАҒА КЕСІЛДІ

АҚШ-та өзін-өзі өлтіретін құралдар өндірумен және сатумен айналысқан Калифорния штатының 92 жасар тұрғыны Шарлотта Хайдорн шартты түрде сотталды.

Сот оған салық төлемеді деген айып тағып, оны шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырды. Мұндай жұм­сақ жазаға қарт әйел сот процесі барысында өзінің салық төлеуден жалтарғанын мойындау арқылы тергеумен мәмі­леге келуі арқасында қол жеткізіп отыр. Оның  мойындауына жауап ретінде прокуратура оған оның құралдарының көмегімен 6 адамның өзін-өзі өлтіруіне қатысы бар деген айып тақпайтын болып келісті.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.