Аймақтар • 13 Наурыз, 2019

Қызылордалық полицейлер самбодан жеңімпаз атанды

644 реткөрсетілді

Байқоңыр қаласында «Маяк» спорт кешенінде әр түрлі салмақ дәрежесінде самбо жарысынан турнир өтті. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыс екі түрде спорттық самбо және жауынгерлік самбодан 60 келі салмақтан  бастап 92 келі салмаққа дейін өтті. Жарысқа Байқоңыр қаласында орналасқан құқық қорғау органдары өкілдері қатысты.          

1998 жылы қол қойылған Байқоңыр кешеніндегі халықаралық келісімге сәйкес, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінен жауынгерлік самбодан 62 келі салмақта, Өкілдіктің Кезекші бөлімінің полицей-жүргізушісі полиция сержанты Нұрғали Сарсембаев және 90 келі салмақта жауынгерлік самбодан Өкілдіктің кадр жұмысы тобының инспекторы полиция лейтенанты Дидарбек Нұржігітов Қазақстан полициясының имиджін көтеру мақсатында Өкілдіктің атынан қатысты.

Жарыс екі қызметкерімізге оңай соққан жоқ, Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешеніндегі Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен боз кілемде жекпе-жекке түсіп, екі қызметкер де биік шыңдардан көрініп, финалға шықты.

Ақтық сайыста екі қызметкер жеңіске жетіп, өз салмақтары бойынша бірінші орындарды  иеленді. ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің екі қызметкері де Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешеніндегі Ішкі істер басқармасының басшылығы тарапынан марапатталды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар