13 Наурыз, 2019

Сейсенбіде елордаға 690 тонна көмір жеткізілді

863 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12 465,81 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сейсенбіде елордаға 690 тонна көмір жеткізілді

Кеше елордаға 690 тонна көмір әкелінді. Оның 414 тоннасы – «Шұбаркөл», 276 тоннасы – «Майкөбе» көмірі. Ал көмір бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11 300 теңге,

«Қаражыра» тоннасына – 12 700,

«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге,

«Богатырь көмір» – 9 000 теңге,

«Кузнецкий» – 12 250 теңге.

Айта кетейік, Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу мақсатында көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.

Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған.