Қалалық мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, марафонды өткізудің мақсаты – онкологиялық аурулармен ауыратын науқас балаларға қаражат жинау.
Осы іс-шара Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесінде және Жастар жылында өтіп отыр. Жарыс 24 наурызда Есіл өзенінің жағасында қалалық триатлон-паркте өтеді.
Жарыс жолына шығатын мыңнан астам адам төрт дистанцияға жүгіреді, кәсіпқойлар – 21 км, әуесқойлар – 10 км, енді ғана жүгіре бастағандар – 5 км, балалар мен ең жас спортшылар – 500 метр жүгіреді.
Марафон ақылы, оған қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: www.astananauryzmarathon.kz.
Спорттық шараны Астана қаласы әкімдігі мен AFRK компаниясының қолдауымен AstanaSportLife компаниясы ұйымдастырмақ.