Қызылшаға қарсы екпе бұған дейін әртүрлі себептерге байланысты алмаған адамдарға жасалады. Оны тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда салдыруға болады.
15 591 бала мен 11 291 ересекке жасалады деп жоспарлануда. Балаларды қызылшадан 9 айлықтан бастап, ал ересектерді 20-29 жас аралығында қорғайды.
Қарағанды облысында үнділік өндірістің екпесі қолданылады. Мамандардың сөзінше, оны қолданғаннан бері, 90-шы жылдардан бастап аймақта екпеден кейінгі бірде-бір қайғылы жағдай тіркелмеген.
Препаратты сатып алған. Наурыздың соңына дейін Денсаулық сақтау министрлігі оны облыстарға қажетілікке байланысты бөледі.
Естеріңізге саламыз, 2018 жылы Қарағанды облысында 14 зертханалық және 1 клиникалық қызылшаға қатысты жағдай тіркелді. 2017 және 2016 жылдары өңірде қызылшамен ешкім ауырмаған. 2015 жылы бұл диагноз 115 рет қойылған.