Әлем • 13 Наурыз, 2019

Қазақстандық суретші Лейла Махаттың жеке көрмесі Румынияның астанасында ашылды

1551 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» - «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ алдағы Наурыз мерекесіне орай, 11 наурызда Бухарест қаласында «Галатека» галереясында танымал қазақстандық суретші Лейла Махаттың «Мен осындамын» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Қазақстандық суретші Лейла Махаттың жеке көрмесі Румынияның астанасында ашылды

Л. Махаттың Румыниядағы екінші көрмесінде әйелдің сырға толы сұлулығы мен табиғаттың айбынын кейіптейтін 30 суреті қойылды. Қазақстандық суретшінің жарқын және мәнерлі экспозициясы жергілікті бейнелеу өнерін сүюші қауымында шынайы ықыласын арттырып, Л. Махаттың дарыны мен туындылары жоғары бағаланды.

Ашылу салтанатында суретшінің өнерімен көп жылдар бойы таныс болып келетін әйгілі румын өнертанушысы және Еуразиялық өнер академиясының президенті Анна-Мари Аврамуц Отанға шексіз сүйіспеншілікті көрсететін суреттер туралы баяндап берді.

Л. Махат өзінің шығармашылығы мен философиясында табиғат шабыттың маңызды қайнар көзі болып табылатынын, ал көрмедегі суреттер қазақ халқының мен бай мәдениетін бейнелейтінін айтып берді.

Іс-шара барысында Румыния Парламентінің Депутаттар палатасы Адам құқықтары бойынша комитеті төрағасының орынбасары Тамара Чофу қонақтарға туындылардан алған әсерімен бөлісіп, көрмені ұйымдастырғаны және Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени диалогтың дамуына үлес қосқаны үшін Елшілікке алғысын айтты.

Көрменің ашылуына Румыния мемлекеттік органдары, дипломатиялық корпусы, академиялық және іскерлік орталары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ өнер қайраткерлері қатысты.

Л. Махат заманауи қазақстандық суретші, қоғамдық қайраткер және өнер танушысы, сонымен қатар әлемнің көптеген бұрыштарында танымал. Оның жұмыстары түрлі мәдениет адамдарын жақындастыратын әмбебап көркем тілін көрсетеді. Суреттерде салынған жануарлардың пішіндері мен табиғи көріністері қазақ ұлттық ерекшеліктерін және өз болмысын көрсетуге тән стилін, Қазақстан тарихы мен мәдениетін жеткізеді.

Өзінің суреттерімен суретші тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шет елдерде де танымал. Л. Махаттың жұмыстары көптеген жылдары бойы түрлі елдердің таңдаулы залдарында көрсетіліп, оның суреттері Қазақстан, Аустрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Қытай, Молдавия, Ресей, Румыния, АҚШ, Түркия, Чехия және Жапониядағы коллекцияларында қойылған.

Лейла Махат көптеген марапаттардың иегері, оның ішінде мәдениет пен өнерді дамытуға үлесі үшін Франц Кафка атындағы медаль (Прага, Чехия), Азия-Тынық Мұхит көркем суретшілер бірлестігінің дипломы (Токио, Жапония), Халықаралық Парламенттік Ассамблеяның «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» марапаты (Мәскеу, Ресей). Л.Махат – Бейнелеу өнері академиясының құрметті мүшесі (Прага, Чехия), Еуропалық өнерлер одағының лауреаты.

Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және «ҚазМұнайГаз Интернейшнл» компаниясының қолдауымен өткізіліп отырған көрме Бухаресттің «Галатека» галереясында ағымдағы жылғы 4 сәуірге дейін жалғасады.