Жарма ауданының орталығы - Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде кәсіпкерлер форумы өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Нұрғалиев, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары А.Айкешов, аудандық мәслихат хатшысы А.Сахметжанова, ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысқан жиында өткен жылдың үздік кәсіпкерлері мен кәсіпорындарына 9 номинация бойынша диплом және 150 000 теңгенің сертификаттары тапсырылды.
Сондай-ақ ауданның экономикасына қосқан үлесі үшін шағын және орта бизнес саласының өкілдері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Форум аясында ауданның бизнестің әлеуметтік ынтымақтастығы шеңберінде 6 ірі кәсіпорын басшылары мен аудан әкімдігі арасында жалпы көлемі 182 млн. 648 мың теңгенің меморандумына салтанатты түрде қол қою рәсімі өткізілді.
Азамат ҚАСЫМ,
«Egemen Qazaqstan»
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы