Қазақстан • 14 Наурыз, 2019

Баспана өртеніп, иесі мерт болды

970 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға  Тайынша ауданына қарасты Петровка елді мекенінде орын алған.

Баспана өртеніп, иесі мерт болды

Қызыл тілі сумаңдаған жалын жайлы дабыл түсісімен  авариялық-құтқару қызметкерлері  тез-ақ жеткен. Бірақ 1967 жылы туған үйдің қожайынын ажал шеңгелінен арашалап қалу мүмкін болмаған. Оның күйік шалған өлі денесі асүйден табылған. Мұның алдында Чкалов өртті сөндіру жеке құрамының өкілдері осында болып,  сақтық шараларын түсіндіргенімен, қорытынды шықпағанға ұқсайды.

Осыдан алты жыл бұрын осы баспана өртке оранған екен. Оған үй иесінің арақ ішіп алып, темекі тартқаны себеп болған.

Жыл басынан бері өңірде 130 өрт фактісі тіркеліп, 9 адам көз жұмған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы