14 Маусым, 2012

Шарайна

221 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Бейсенбі, 14 маусым 2012 7:20

Ирактағы жарылыс

Ирактың оңтүстігіндегі Эль-Хилла қаласында мина­ланған екіавтомобильдің жарылуынан он адам қаза тапқан.

Жарылыс Бағдадтан 100 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан қаланың мейрамханаларының бірінің жанында орын алған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің хабарлауынша, 10 адам қаза тауып, 30-дан астам адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта оқиға жағдайы анықталып, қаза бол­ғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.

 

Бейсенбі, 14 маусым 2012 7:20

Ирактағы жарылыс

Ирактың оңтүстігіндегі Эль-Хилла қаласында мина­ланған екіавтомобильдің жарылуынан он адам қаза тапқан.

Жарылыс Бағдадтан 100 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан қаланың мейрамханаларының бірінің жанында орын алған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің хабарлауынша, 10 адам қаза тауып, 30-дан астам адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта оқиға жағдайы анықталып, қаза бол­ғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.

Өлді дегендері тірі болып шықты

Әл-Каданың екінші адамы саналатын, өткен аптада өлді деп хабар­ланған Әбу Яхи әл-Либи бейнеүндеу жазып жолдаған.

Бейнеролик исламдық сайттардың бі­рінде жарияланған көрінеді. Әл-Либи радикал исламистерді Сирия үкіметіне қарсы соғыс ашып жатқан қарулы құрылымдарға қолдау көрсетуге шақырған. Біз Ирандағы, Иорданиядағы және Түркиядағы өз бауырларымызды Сириядағы бауырлары­мызға көмек көр­сетуге шақырамыз делінген үндеуде. Терроршылардың рухани көсемі саналатын Әбу Яхи әл-Либи 2005 жылы Ауғанстандағы америка түрмесінен қа­шып шыққан болатын.

Сириядағы жағдай ушығып тұр

Сирияда болып жатқан оқиғаларды толық сеніммен азамат соғысы депайтуға болады.

БҰҰ Бас хатшысының бітімгершілік операциялар жө­ніндегі көмекшісі Эрве Ладсус осылай деп мәлімдеген. Оның айтуынша, соңғы уақыттары Сирияда орын алған кең ауқым­ды зорлық-зомбылық оқиғалары дау-жанжал таби­ғатының өзгергендігін көрсетеді. Әл-Хефф қаласына бара жатқан БҰҰ байқаушыларын ашулы топ қоршауға алып, оларды әрі қарай жібермей қойған.  Сондай-ақ адамдар БҰҰ машиналарына тас пен темір-терсек лақтырған. Со­ның салдарынан байқаушылар кері қайтуға мәжбүр болған көрінеді.

Атомды сүңгуір қайық жобалануда

Иран атомды сүңгуір қайығын жобалау жұмыс­тарын бастады.

Әзірге жобаның жүзеге асуы «алғашқы қадамдар» сатысында тұр, деп мәлімдеген елдің әскери-теңіз күштері ко­мандашыларының бірі адмирал Аббас Замини. Оның айтуынша, барлық елдердің де атом технологияларын бейбіт мақсатта пайдалануға құқылары бар. Ол Иранға атом қозғалтқышы бар сүңгуір қайықтар алыс қашықтықтарға арналған миссияларға қатысу үшін керек екенін атап көрсеткен.

Қызыл крест офисіне шабуыл

Халықаралық Қызыл крест коми­теті ұйымның Ливия­ның Мисрат қа­ла­сындағы офисінде жарылыс бол­ғанын хабарлаған.

Жарылыс салдарынан бір адам зардап шегіп, ғимаратқа елеулі шығын кел­ген. Бұл Ливиядағы халықаралық мис­сияға жасалып отырған екінші шабуыл. 11 маусымда Бенгази қаласында қаруланған топ құрамында британ дипломаттары бар автоколоннаға шабуыл жасаған болатын. Осы орайда азамат соғысы аяқталып, Муаммар Каддафи тақтан тайды­рылғаннан кейін елде қалған көптеген қарулы топтардың орталық билікке бағынбай отырғанын айта кету қажет.

Мұсылман әйелдерін елге өткізбеді

Катардан Францияға ұшып келген Сауд Арабия­сының үш азаматшасына паранжаны шешуге келіс­пегені үшін елге кіруге тыйым салған.

Оқиға Париждің Шарль де Голль атындағы әуежайында орын алған көрінеді. Шекара полициясының қызметкері әйелдерден паранжаны шешуді талап еткен, ал аналар болса, бас тартқан. Соның салдарынан әйелдердің Францияға кіруіне тыйым салынып, саудиялықтарға Катарға кейін қайтуға тура келген.

Ұйым төрағасы Тбилисиге келді

Ирландияның вице-премьері, сыртқы істер және сауда министрі Имон Гилмор ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Тбилисиге сапармен келді.

ЕҚЫҰ төрағасы Грузия сыртқы істер министрі Григол Вашадземен кездесіп, кең ауқымды мәселелерді талқы­лаған. Вашадзенің кездесуден кейін айтуына қарағанда, олар өңірдегі ахуал, грузин-ресей қарым-қатынастарының жағдайы туралы әңгімелескен. Тараптар Грузия мен Ирландия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдете түсу мүмкіндіктерін, сол сияқты Грузияның жанжалды өңірлерінде қалыптасқан жағдайды талқылаған.

Халықаралық ахуал талқыланды

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жұмыс сапарымен Иранға келді.

Ол мұнда Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы, соның ішінде Сириядағы жағдайды, сол сияқты Иранның ядролық проблемасын талқыламақ. Ресей сыртқы саясат ведомствосының атап көрсетуінше, Иранда Ресейдің Сирия жөнінде халықаралық конференция өткізу туралы бастамасы да талқыланған көрінеді. Иранның қатысуынсыз Сирия бағытына сындарлы ықпал ету мүмкіндігі толық дәрежеде жүзеге аса алмайды деп мәлімдеген Ресей сыртқы істер министрлігі.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.