Министрдің Ауғанстанға ресми сапары
Жұма, 15 маусым 2012 7:27
Ауғанстан тарапының шақыруы бойынша Қазақстан РеспубликасыныңСыртқы істер министрі Ержан Қазыханов аталған елде ресми сапарменболды, деп хабарлады еліміз СІМ-інің баспасөз қызметі.
Сапар барысында Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен, осы ел Парламентінің спикері Абдул Рауф Ибрахимимен, Сыртқы істер министрі доктор Залмай Расулмен, және тағы басқа ресми адамдармен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Президент Хамид Карзай Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің шынайы тілектерін жеткізе отырып, Қазақстанның өңірдегі жетекші әрі маңызды рөлі мен тұрақты әрі үдемелі экономикалық дамуын атап өтті. Ауғанстанды қалпына келтіру үдерісінде Астананың маңызды рөл атқаратынына сенімін білдірді. Сондай-ақ, екі бауырлас мемлекеттер арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мен нығайту қажеттігі жөніндегі пікірді қолдады.
Екі ел сыртқы саясат ведомстволарының басшылары өңірдегі қауіпсіздік, Орталық және Оңтүстік Азиядағы, оның ішінде Ауғанстандағы, әсіресе халықаралық қауіпсіздік күштерінің 2014 жылдың аяғына дейін шығарылуынан кейінгі ахуалдың дамуы сияқты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сапар нәтижесінде ауған тарапымен бірнеше маңызды келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ресми сапары барысында Қазақстан делегациясы ауғандық мүдделі ведомстволар өкілдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ауғанстан үкіметаралық комиссиясының жұмысын талқылау мақсатында бірнеше екіжақты кездесулер өткізді.
Кеше Е.Қазыханов «Ыстамбұл үдерісіне» мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің конфренциясына қатысып, сөз сөйледі.