Айтулы жарыс қатысушылардың салмақ және жас ерекшеліктеріне қарай Халықаралық әуесқой грэпплинг қауымдастығының (AIGA) ережелері мен талаптарына сай өткізіледі. Оған Алматы қаласы аумағында тұратын спортшылар ғана қатыса алады. Түрлі-түсті жүлделер мынадай жас ерекшеліктері бойынша сарапқа салынады: 14-15 жастағы ұлдар мен қыздар, 16-17 жастағы балалар, 18 жастан асқан ересектер және 30 жастан асқан ардагерлер.
Турнирдің басты мақсаты – қала тұрғындарын салауатты өмір салтына ынталандыру, Қазақстандағы грэпплинг спортын дамыту әрі насихаттау және де алдағы уақыттарда өтетін халықаралық жарыстарға қатысатын Алматы құрамасының спортшыларды іріктеу.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»