Бөгеттерді нығайту, тосқауыл құралдары мен тиісті материалдар жиынтығы қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда, бекітілген іс-шаралар жоспарына сай өзендерден судың тоқтаусыз өтуі басты назарда ұсталуда. Осыған байланысты алдын ала айқындалған өзен бұрмаларындағы қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында мұзды ою, арналарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Аршалы өзенінің Новый Колутон, Колутон өзенінің Ягодное, Старый Колутон және Колутон ауылдары арқылы өтетін арнасында мұз жару жұмыстары жүргізілді. Бұл 1100 шаршы метр аумақты құрайды. Мұның барлығы өзендерде су жүрген кезде мұз кептелісін болдырмауға елеулі ықпал ететіні белгілі.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Egemen Qazaqstan»
Ақмола облысы