Туризм жағдайы талқыланды
Сенбі, 16 маусым 2012 6:43
12-13 маусымда Мадрид қаласында Қазақстан Республикасының елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Бақыт Дүйсенбаев ДТҰ-ның Атқарушы кеңесінің 93-ші сессиясына қатысты.
Ұйымға мүше елдердің делегацияларынан басқа, сессия жұмысына Астурия ханзадасы Фелипе және Испанияның Индустрия, энергетика және туризм министрі Хосе Мануэль Сория қатысты.

Сессияның шеңберінде туризм саласындағы қазіргі ахуал ортаға салынды. Делегаттар алдында сөйлеген сөзінде ДТҰ-ның Бас хатшысы Талеб Рифаи Таяу Шығыстағы оқиғалар және Тынық мұхит өңіріндегі табиғи апаттарға қарамастан, былтырғы халықаралық туристік сапарлардың саны жағынан орын алған оң өзгерістерге назар аударды. Сонымен қатар, БҰҰ ДТҰ-ның Бас хатшысы қатысушыларды туризмді ғаламдық күн тәртібіне енгізу және БҰҰ жүйесіндегі ұйымдармен ынтымақтастықты жүргізу бойынша жасалған жұмыс туралы ақпараттандырды.
Сессияның қорытындылары бойынша, ДТҰ Атқарушы кеңесінің келесі 94-ші сессиясын 2012 жылдың күзінде Мексикада өткізу жөнінде шешім қабылданды.