Аймақтар • 14 Наурыз, 2019

Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі зияткерлік викторина өтті

1452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау Мұнай және газ университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының және №17 мектеп-лицейінің ынтымақтастығы аясында Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі зияткерлік викторина өтті. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі зияткерлік викторина өтті

Достық кездесудің мақсаты – оқушылардың ҚХА-ның, соның ішінде Атырау облысы бойынша ҚХА-ның қызметі туралы түсінігін кеңейту, толеранттылықты, өзара сыйластықты, Қазақстанның этностық мәдениеттерін тасымалдаушыларға деген ықыласты дамытуға ықпал ету.

Сондықтан да шараға дәстүрлі түрде этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері қатысты.

Көрісу күніне және Наурыз мерекесіне орай өткізілген сайысқа «Шаңырақ» және «Титан» командалары қатысып, өздерінің білімдері мен ізденімпаздықтарын танытып, брейн-ринг түріндегі үш блогтан тұратын қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы ойын сұрақтарына мүдірмей жауап берді.

Нәтижесінде «Шаңырақ» командасы жеңімпаз атанды. Үздік капитан – Нетесова Дильназ, үздік ойыншылар – Гегамян Давид, Солодовников Николай, Сейтаминова София.

Шара қонақтары «Иверия» грузин ЭМБ төрағасы Бобохидзе Зураб, «Орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының» төрағасы Владимир Заверткин, «Былина» орыс ЭМБ төрағасы Андрей Короблев, мүшелері Светлана Кондрашенко, Алевтина Воронцова, «Видергебурт» неміс ЭМБ төрағасы Олег Шмаль, «Довира» украин ЭМБ мүшесі Земфира Романова, «Тхоньиль» корей ЭМБ мүшесі Светлана Хан, «Татулық» татар-башқұрт ЭМБ мүшесі Сажида Ажимкулова оқушыларға өздерінің белсенді өмірлік ұстанымын, азаматтық құндылықтары мен патриотизмін көрсете отырып сөз алды және мектеп-лицей ұжымына алғыстарын білдіріп, үздік ойыншыларды бағалы кітаптармен және сыйлықтармен марапаттады.