14 Наурыз, 2019

А. Мамин Astana Hub-та цифрландыру жөнінде кеңес өткізді

789 реткөрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бүгін Astana Hub АT-стартаптар халықаралық технопаркін аралап, әзірленіп жатқан бірқатар жобаны көрді және цифрландыруды дамыту мәселелері туралы кеңес өткізді.

Хабты аралау барысында А. Мамин стартап-жобалардың, «Шеберхана» прототиптеу зертханасының, R&D зертханасының өкілдерімен, Бизнес періштелер клубының инвесторларымен және өкілдерімен кездесті.

Цифрлық технологияларды енгізу жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Қазақстанда цифрлық технологияларды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, «Зерде» басқарма төрағасы Е. Дүрмағамбетов баяндады. Бүгінде Astana Hub Хаб қатысушылары үшін жеңілдікті салық режимін, сондай-ақ шетелдік қатысушылар үшін виза алудың жеңілдетілген үрдісін ұсынып отырған сүйемелдеушіге айналды. Технопаркте 150 стартап, яғни 500-ден аса кәсіпкер өз жобаларын дамытып отыр.  

Премьер-Министр мәселені талқылау қорытындысы бойынша Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды енгізуді жандандыру, кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалармен стартап жобалардың қоса дамуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Экспо көрмесінің аумағын аралау барысында А. Мамин, сондай-ақ, Көрме орталығының, АТ-университет ғимаратының құрылыс және реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Бұдан өзге, Премьер-Министрге Seed Space Astana қалалық инновациялық алаңы таныстырылды. А. Мамин сонымен қатар Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына барды, сонымен қатар Астана Халықаралық қаржы орталығын дамыту жөнінде кеңес өткізді.  

Соңғы жаңалықтар

Басылым басшылары - Сауытбек АБДРАХМАНОВ (1951)

Басылым басшылары • Бүгін, 12:42

Елімізде ет қымбаттады

Қазақстан • Бүгін, 12:28

Басылым басшылары - Ержұман СМАЙЫЛ (1948-2018)

Басылым басшылары • Бүгін, 11:22

Баяғы жартас – бір жартас

Аймақтар • Бүгін, 10:56

Соңғы күндердің бораны сұрапыл

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Өтініш-тілектер ескеріледі

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Аманатқа қиянат жүрмейді

Таным • Бүгін, 06:49

Қараусыз малға ұры қас

Қоғам • Бүгін, 06:46

Табысты жылыстатудың жолдары

Экономика • Бүгін, 06:40

Шаңырақ неге шайқалады?

Қоғам • Бүгін, 06:35

Жүйелі жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 06:33

Мегаполистегі маңызды жобалар

Аймақтар • Бүгін, 06:30

Өткенге есеп, ертеңге бағдар

Аймақтар • Бүгін, 06:28

Атқарылған істер ауқымды

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Сақтыққа салғырт емес

Қоғам • Бүгін, 06:20

Ұқсас жаңалықтар