14 Наурыз, 2019

Азаматтық қорғау органдары су тасқынының алдын алуға дайын - Юрий Ильин

963 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны болған жағдайда халық үшін алдын ала үш лагерь дайын, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Азаматтық қорғау органдары су тасқынының алдын алуға дайын - Юрий Ильин

«Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін барлық бөлімшелер қажетті техникамен, жабдықтармен және жарақтармен қамтамасыз етілген. 2018 жылы республикалық бюджет және жергілікті бюджет есебінен қосымша арнайы су сорғыш құрылғылар (700 мотопомпа), құрал-саймандар мен киім-кешектер (3442 жиынтық) сатып алынды. Қазіргі кезде Ұлттық ұланмен зардап шеккен халық үшін 3 лагерь дайын тұр», - деді Ішкі істер министрі орынбасары Юрий Ильин.

Сонымен қатар, жекелеген өңірлерде су тасқыны жағдайы шиеленісуі мүмкін болған жағдайда азаматтық қорғау құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарын қосымша көшіру мәселелері пысықталды.

«26-27 ақпанда «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылдары практикада пысықталды, оның штабы Петропавл қаласында орналасты», - деп атап өтті.

Оның айтуынша, азаматтық қорғау органдарының барлық бөлімшелері су тасқыны кезеңіне толық әзір.