Аймақтар • 14 Наурыз, 2019

Демалыс күндері Астанадағы ауа райы қандай болады

1312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күндері елордада күндіз термометр көрсеткіші минус 5 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Демалыс күндері Астанадағы ауа райы қандай болады

Казгидрометтің хабарлауынша, ертең, 15 наурызда қалада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын күтіледі. Кей кезде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Температура түнде 0…-2°С, күндіз 0…+2°С.

Сенбі күні синоптиктер күн құбылмалы болады деп болжауда. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз 3…-5°С.

17 наурызда да күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Желдің бағыты батыстан шығысқа ауысады. Оның екпіні 9-14 м/с дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде -15…-17°С, күндіз 3…-5°С көрсетеді.