Неміс әсіреұлтшылы көмектескен
Сейсенбі, 19 маусым 2012 7:48
Германия ішкі қауіпсіздік қызметі 1972 жылғы Мюнхен олимпиадасында жасалған теракт құжаттарын жария етті. Құжаттарға қарағанда, террорлық әрекетті палестиналық «Қаралы қыркүйек» тобының терроршылары неміс әсіреұлтшылының көмегі арқылы жүзеге асырған.
Полицияның хабарлауынша, оны «Қаралы қыркүйек» тобының серкесі Абу Дауд ұйымдастырған. Ол немістің әсіреұлтшылы Вилли Полемен жасырын кездескен. Ал неміс бұрыннан құқық қорғау органдарының есебінде тұрған көрінеді әрі Палестинаны азат ету ұйымы мүшелерімен байланыста болған. Сол кездегі террорлық әрекет салдарынан Израильдің бірнеше спортшысы мерт болған еді.
Сейсенбі, 19 маусым 2012 7:48
Германия ішкі қауіпсіздік қызметі 1972 жылғы Мюнхен олимпиадасында жасалған теракт құжаттарын жария етті. Құжаттарға қарағанда, террорлық әрекетті палестиналық «Қаралы қыркүйек» тобының терроршылары неміс әсіреұлтшылының көмегі арқылы жүзеге асырған.
Полицияның хабарлауынша, оны «Қаралы қыркүйек» тобының серкесі Абу Дауд ұйымдастырған. Ол немістің әсіреұлтшылы Вилли Полемен жасырын кездескен. Ал неміс бұрыннан құқық қорғау органдарының есебінде тұрған көрінеді әрі Палестинаны азат ету ұйымы мүшелерімен байланыста болған. Сол кездегі террорлық әрекет салдарынан Израильдің бірнеше спортшысы мерт болған еді.
«Мұсылман бауырлар» жеңіске жеттік дейді
«Мұсылман бауырлар» исламдық қозғалысының мүшелері Египетте президент сайлауының екінші турында өз кандидаттарының жеңіске жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы кеше Рейтер агенттігі хабарлады.
Мохамед Мурсидің штабы таратқан мәліметтерге қарағанда, оған сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берген. Ал бұрынғы Хосни Мүбәрак өкіметінде премьер-министр лауазымында болған Ахмед Шафик 47,5 дауыс алған. Бұл мәліметті «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшелері бюллетеньдердің 98 пайызы саналған соң хабарлаған. Президенттік сайлаудың ресми қорытындысы қашан жария етілетіні әлі белгісіз.
Қарымта шара қолданамыз деп қорқытты
Интерфакс агенттігінің ақпараттары бойынша, егер АҚШ Конгресі «Магнитский заңын» қабылдаған жағдайда, Ресей оған қарымта шара қолданады. Мұны Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.
«Барлығымызға белгілі, бұған Ресей де қарымта жауап қайтарады. Бірақ одан бас тартуға болады, – деді Ушаков. – Егер заң қабылданбаса, қарымта шара да болмайды». Көмекші сондай-ақ қарымта шараның мазмұны құпия сақталатынын атаған. Ушаков бұл мәлімдемені 18 маусымда Мексикада өтетін «Үлкен жиырмалықтың» саммитінде Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обаманың кездесулері қарсаңында жасап отыр.
Қырық бес адам мерт болды
Нигерияның Кадун штатындағы террорлық әрекеттер мен тәртіпсіздіктер салдарынан 45 адам опат болды. Бұл жөнінде Франс-пресс ақпарат агенттігі жергілікті биліктің сілтемесіне сүйене отырып хабарлады.
Аталған агенттіктің мәліметтері бойынша, жарылыс кезінде 19 адам қайтыс болып, жүзден астам адам жараланған. Террорлық әрекет туралы хабардар болған христиандар ел астанасына баратын жолды жауып тастаған. Онымен қоймай автокөліктерге шабуыл жасаған. Оның соңы тағы да жиырмадан астам адамның өліміне соқтырған. Қазіргі кезде террорлық әрекеттер мен тәртіпсіздіктер орын алған Кадун штатында коменданттық сағат енгізілді. Айта кетейік, бұл елде христиандар мен мұсылмандар арасында 1960 жылдан бері осындай қақтығыстар жиі болып тұрады.
Ел аумағынан шығаруды бастады
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Израиль Оңтүстік Суданнан заңсыз келген эмигранттарды ел аумағынан шығаруды қолға алды. Оны 17 маусымда кешкісін 123 судандық мінген ұшақтың Тель-Авивтен Джубуға бағыт алғаны дәлелдейді.
Көші-қон ведомствосының өкілі Гидон Коэнның айтуына қарағанда, олардың үйлеріне жету үшін ересектеріне 1,3 мың доллардан, ал балаларға 500 доллардан берілген. Сонымен бірге, судандықтарға өздерімен бірге 30 кило жүк алып жүрулеріне рұқсат етілген. Бұрынырақта Израиль ішкі істер министрі Эли Ишай 700-1500 оңтүстік судандықты ел аумағынан шығару жоспарланып отырғандығын мәлімдеген еді. Израиль билігінің есептеуінше, бұл елде 45 мыңнан астам заңсыз келгендер тұрып жатыр.
Грекия Еуроаймақта қалатын болды
Грекиядағы сайлауда «Жаңа демократия» консервативтік партиясы жеңіске жеткен. Бюллетеньдердің 66 пайызы саналғаннан кейінгі қорытындысында олар 30,1 пайыз дауыс жинаған. Бұл партияның парламенттегі 300 орынның 130-ын алғандығын білдіреді.
Парламент сайлауында басым дауыс алған партия ереже бойынша қосымша тағы 50 мандатқа ие болады. Ал «Сириза» солшыл радикалды коалиция 26,5 пайыз дауыс алған. Олар қазірге 70 орынды қанағат етіп отыр. Ал ПАСОК социалистері 12,6 пайыз дауыс жинаған сияқты. «Жаңа демократия» мен «Сириза» партияларының еуроодақпен ынтымақтастық және қаржылық көмек мәселелері бойынша көзқарастары бір-бірінен алшақ жатыр. Өйткені, консерваторлар Грецияның Еуроодақ құрамында қалып, 240 миллиард еуро көлеміндегі қаржылай көмекті алғысы келеді. Парламентті құрайтын негізгі партиялардың көзқарас алшақтығы жаңа үкіметті құруға салқынын тигізуі мүмкін деген болжамдар айтылуда.
Қытайдың ғарыш кемесі түйісті
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, «Шэньчжоу-IX» ғарыш кемесі «Тяньгун-І» орбиталдық модулімен түйіскен. Түйісу штаттық режімде өткен.
Үш Қытай азаматының ғарышта он күндей болуы жоспарланған. Олардың бірі – бұл ел тарихында тұңғыш рет ғарышқа ұшқан әйел Лю Ян. Ал «Тяньгун-І» ғарышқа 2011 жылғы 29 қыркүйекте шығарылған еді. Енді Қытай елі Айға адам аттандыруды жоспарлап отыр.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.