Аймақтар • 14 Наурыз, 2019

Жансейіт Түймебаев Алматыдағы «Келет» зауытының жұмысымен танысты

654 реткөрсетілді

Алматы қаласына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары -   ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев жалпыөнеркәсіптік және тұрмыстық жабдықтарды өндіретін «Келет» зауытына барып, онда ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Жансейіт Түймебаев «Алматы қаласының венгр мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Александр ПАПП басқарып отырған зауыттың қызметі мен өнімдерімен танысты. Ол А. А. Паппты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, қайырымдылықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелерімен кездесу барысында 2019 жылға арналған қауымдастық қызметінің негізгі бағыттары мен жобалары талқыланды. Жансейіт Түймебаев өз сөзінде қауымдастықтың барлық мүшелерінің елдің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге күш-жігерін біріктіру қажеттігін ерекше атап өтті. Ол болашақта ҚХА қауымдастығының қызметі жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік идеяларын дамыту, шетелдік инвестицияларды тарту, тарихи елдерінен ресурс үнемдейтін және ақылды технологияларды тарту, жастардың стартап жобаларын қолдау және т. б. міндеттерді іске асыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу барысында ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының бастамасын жүзеге асыру туралы Алматы қалалық филиалы қауымдастық төрағасы Думан Қыдырбаев әңгімелеп берді. Алматы қаласының ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы филиалының директоры Олег Цой ауыл шаруашылығын цифрландыру жобалары туралы ұсыныс жасады. ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы ғылыми-зерттеу өндірістік - конструкторлық бюросының қызметі мен жобалары туралы «Eastern Oil Service Company EOSC» компаниясының бас директоры Санжар Байымбетов хабарлады. «Арнасай - Қазақстанның жасыл ауылы» жобасын «Жасыл экономика – Gglobal» коалициясы директорының орынбасары Асхат Сүлейменов таныстырды.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар