«Қолға түскен азаматтан жалпы салмағы 1 келі 400 грамнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді. Ол скотч пен газет қиындысына оралған», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін толығымен мойындады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы