15 Наурыз, 2019

Шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы үздік бестікке енді

1066 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада шахматтан командалық есептегі әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер командасы 5-ші орын иеленсе, ерлер командасы 8-ші сатыға тұрақтады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы үздік бестікке енді

Әйелдер арасындағы ақыл-ой додасына әлемнің үздік он командасы қатысты. Қазақстан әйелдер құрамасы тоғыз айналымнан кейін жер жүзіндегі үздік бес команда қатарына енді. Шешуші соңғы матчта қазақстандықтар Армениядан басым түскен болатын. 

Жансая Әбдімәлік Армения құрамасының үздігі, тәжірибелі Элина Даниелянды ұтқан соң, Қазақстанның жеңісіне күмән болған жоқ. 

«Әрине, ойын оңай болған жоқ. Элина даңқты шахматшы, тәжірибесі мол гроссмейстер. Мен қарсыласымды үнемі қиын жағдайда қалдырып, алда болуға тырыстым. Нәтижесінде, армениялық шахматшыдан басым түстім. Одан бөлек, мен үшін қиын өткен кездесулерден кейін бапкеріміз бірақ уақыт берді. Бұл да стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болды», - дейді Жансая. 

Астанадағы командалық есептегі әлем чемпионатының қорытындысы:

1. Қытай

2. Ресей

3. Грузия

4. Украина

5. Қазақстан

6. Үндістан

7. АҚШ

8. Армения

9. Венгрия

10. Египет

Шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған спортшылар: Гүлісхан Нақбаева, Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлмира Дәулетова. 

Қазақстан ерлер командасы Швеция мен Египеттің алдын орап, 8-ші орынға табан тіреді.