15 Наурыз, 2019

АрХО-2019 байқауына қатысу үшін әскери қызметшілерді іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті

677 реткөрсетілді

Барлық құрамалар мен әскери бөлімдерде халықаралық байқауларға қатысу үшін ҚР Қарулы Күштері түрлері ауқымында командаларды іріктеу өткізілді.

Қазіргі уақытта ұдайы орналасу пункттерінде дайындық (дене даярлығын шыңдау, жеке нормативтерді орындау және оқ ату даярлығы) жоспарланды. Жоспарға сәйкес а.ж. наурыздың 25-і мен мамырдың 1-і аралығында құрама командалар жетекші командалардың басшылық етуімен байқауларды өткізу туралы ережелерге сәйкес оқу-жаттығу полигондарында жаттығатын болады. Оның барысында командалардың негізгі құрамы іріктелінеді. Армиялық халықаралық ойындар шеберлікті, үйлесімділікті, жауынгерлік машықты арттыру және жауынгерлік қабілеттің деңгейін тексерудің жақсы үлгілерінің бірі болып табылатынын айта кету қажет. Биылғы жылы АрХО шеңберінде Қазақстанның аумағында ҰҰА есептоптарының «Сұңқар аңшылығы», «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және әскери байланысшылардың «Сенімді қабылдау» сайыстары өтеді.

Ағымдағы жылы 32 байқаудан Қазақстанның әскери қызметшілері 20 байқауға қатысуды жоспарлауда.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Акварель әлемі

Руханият • Кеше

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар